Версия для печати

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН БӘСЕҢСІТУГЕ БОЛМАЙДЫ Избранное

Пятница, 23 Октябрь 2020 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1727 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласы Абай ауданында биылғы жылдың 9 айында 50 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға кеміген. Урбанизация процесі қарқынды жүріп, қалада табиғи өсім де жоғары болып тұрғанда баспанамен қамту мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

810

 

Бұл туралы М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Абай ауданының әкімі
Бұқарбай Пармановтың 9 айда атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдаған шаһар басшысы жалпы алғанда Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары екенін, дегенмен жекелеген мәселелер бойынша кемшіліктерге жол берілгенін атап өтті.
—Мәселен, 9 айда 50 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға кеміген. Жалпы, ауданда 453 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 111-і жөндеуді қажет етеді. Бұл цифр жағдайдың күрделі екенін көрсетеді. Ауданда апатты жағдайдағы 16 үй бар. Бұл мәселені де кейінге шегере бермей шешу керек. Әйтпесе, тұрғындарға қауіп төнуі мүмкін. Жалпы, осындай кезеңде тұрғын үй құрылысын бәсеңсітуге болмайды. Мемлекеттік бағдарламалардың аясында және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша тұрғын үйлерді жөндеуді және жаңасын салуды көбейту керек, — деді Мұрат
Дүйсенбекұлы.
Сондай-ақ, қала әкімі ауданда мал бордақылап, ет өндірудің кемігенін атап өтті. Абай ауданына қарасты елдімекендерде мал бордақылау алаңдарын көбейтуге мүмкіндік мол екеніне тоқталып, мегаполисті азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын еске салды.
М.Әйтенов Абай ауданы әкімдігінің тұрғындармен кері байланыс орнатпағанын сынға алып, жергілікті биліктің ең маңызды жұмысы — халықтың талап-тілегін орындау екенін айтты. Сонымен қатар есепті кезеңде ауданда жалпы қылмыс саны азайғанымен ауыр және аса ауыр қылмыстардың көбейгенін айтып, профилактикалық жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылмай отырғанын баяндады.
Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімдігіне осы және өзге де кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.