9 АЙДА – 112 АЛТЫН, 96 КҮМІС, 92 ҚОЛА МЕДАЛЬ Избранное

Среда, 28 Октябрь 2020 04:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 142 раз

Шымкент қаласының спортшылары жыл басынан бері ел чемпионаттары мен түрлі халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

616

 

Онымен қоса шаһарда спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 9 айда қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 2 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 қола медальге ие болды.
Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 7 «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 52 «Қазақстан Республикасының спорт шебері», 104 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Бүгінде 2021 жылғы ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әзірге қала спортшыларының қоржынында 4 Олимпиада жолдамасы бар.
Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.