КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ: 17 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ Избранное

Среда, 04 Ноябрь 2020 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2491 раз

Шымкент қаласының кәріз жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейі 49,1 %-ды құрап отыр. Бүгінде қала аумағында жалпы 838 шақырым кәріз құбыры болса, оның 168 шақырымы магистралды және 670 шақырымы – ішкі орамдық жүйелер. Дегенмен, құбырлардың 73%-ның тозығы жеткен.

818

 

Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәріз желісімен қамту мақсатында 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде.
Тоғыс шағынауданындағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы 2020 жылдың соңына дейін аяқталып, ондағы көп қабатты 24 үй кәріз жүйесіне қосылады.
Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмысы 2021 жылға өтпелі.
Ал Тұран шағынаудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, көп қабатты 27 үй кәріз жүйесіне қосылады.
Қазіргі таңда 140 мың адамды құрайтын 14 шағынауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы басталған. Бұл нысандар келер жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Жыл соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен көп қабатты 136 үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса, қаланы кәріз желісімен қамту көрсеткіші 49,1%-дан 52,3%-ға артады. Сондай-ақ, 2021-2022 жылдары ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталған жағдайда қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан Шымсити, Асар-2, Достық,
Тұран, Солтүстік саяжай шағынаудандарын кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік болады. Осылайша тәулігіне 18-20 мың текше метр кәріз суы қосымша тазартуға қосылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.