«iKomek» 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ ШАҒЫМЫНА ЖАУАП БЕРДІ Избранное

Среда, 04 Ноябрь 2020 04:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1656 раз

Қалалық IKomek бірыңғай байланыс орталығы төрт ай ішінде шымкенттіктердің 20 мыңға жуық шағымына жауап берді. Маусым айынан бастап іске қосылған орталыққа 20 641 тұрғын түрлі арыз-шағымдарымен хабарласқан. Оның ішінде 19 846 өтініш орындалған. Қалған 795 шағым қаралу үстінде.

820

 

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық ситуациялық орталықтың басшысы Азат Әміртаев баяндады.
Оның айтуынша, өтініштер рейтингісінде көлік және жолаушылар көлігі саласы көш бастап тұр. Қоғамдық көлік және жол мәселесімен 618 шағым тіркелген, ал коммуналды шаруашылық бойынша 498 шағым қаралған. Одан кейінгі қатарда қала тұрғындарын жұмыспен қамту және әлеуметтік, тұрғын үй мәселелері толғандырған.
Шаһар басшысы халықпен кері байланыс орнату бойынша жасалған жұмыстарды тыңдап, мерзімі кешіктірілген шағымдар үшін жауапты сала басшыларына ескертулер жасады. Сондай-ақ, ай сайын есеп алынып, жеке бақылауында ұстайтынын айтты.
Еске сала өтейік, қала әкімдігінің жұмысына қатысты қандай да сұрақ, арыз-шағым болса, 109 нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp мессенджерімен
+7 7777 109 109 нөміріне хабарлама жіберуге болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.