Мұрат Дүйсенбекұлы қала аумағында індеттің ықтимал екінші толқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
– Бүгінде Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында сақтық шарасына қатаң назар аударып отырмыз. Таяуда медициналық ұйымдарға өкпені жасанды желдетуге арналған 126 дана құрылғы жеткізіліп, жалпы саны 612-ге жеткізілді, – деді қала әкімі.
Денсаулық саласын дамыту мақсатында Шымкентте қосымша 3 оттегі станциясын орнату жұмысы аяқталды. Оның екеуі қалалық инфекциялық ауруханада болса, біреуі №3 аурухана базасында орнатылады. Бұған қоса ауруханаларда 717 оттегі нүктесі мен сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнатылған.
Қала әкімі, сонымен қатар, медициналық ұйымдарда COVID-19 індетіне қарсы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры жасақталғанын атап өтті.