Версия для печати

«Iqala» онлайн қызмет көрсетеді Избранное

Пятница, 20 Ноябрь 2020 03:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1811 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Iqala» жобасы іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Ә. Әбдіраханов қала әкімі Мұрат Әйтеновке даму жоспарын баяндаған жиында айтылды.

844

 

Бүгінде монополистер ұсынатын қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде бюрократияға, уақыт жоғалтуға әкеп соқтырады.
– Iqala қала тұрғындарына қызметтерді онлайн алуға көмектеседі деп жоспарлап отырмыз. Жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметтерін «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіреді. Жеке және заңды тұлғалар үйден шықпай-ақ қызметке өтінім бере алады. Бұл бір реттік өтінішпен бірнеше қызмет алуға мүмкіндік береді. Жоба арқылы коммуналдық қызметтер ашық қызмет көрсету жүйесіне көшеді, – дейді басқарма басшысы.
Жоба аясында барлық қызметтер онлайн режимде ұсынылады. Құжаттар қысқа мерзімде тапсырылып, өтінімнің мәртебесін бақылау, құжаттарды сақтау секілді қызметтер цифрландырылады.
Әсет Маратұлы мекемелер («Оңтүстік Жарық Транзит», «ҚазТрансГазАймақ», «Су ресурстары маркетингі», «Қуат Жылу Орталығы») ұсынатын 70 қызметті цифрландыру жоспарланғанын жеткізді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.