Дендросаябақ қаланың қақ ортасында орналасқан кіші орман болып есептеледі. Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген. Кіші орман болғандықтан өзіне тән тыныс-тіршілігімен қоса аң-құстары мен жабайы жануары болуы тиіс.
Айта кетейік, саябақ аумағындағы 3 гектар жасанды көлде жабайы аққу, қаз, үйрек жерсіндірілген. Қойнауында балықтың бірнеше түрі кездеседі. Сонымен қатар, саябақта 84 қырғауыл, 50 тиін, 23 қоян,10 тауыс, 5 жібек және бентамка тауығы, 4 цесарка, 3 теңбіл бұғы, 4 кер бұғы, 1 ергежейлі қой бар.