Версия для печати

ДЕНДРОСАЯБАҚ Фаунасына 10 қырғауыл қонды Избранное

Пятница, 20 Ноябрь 2020 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2215 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа 10 дана қырғауыл құсы әкелініп, саябақ аумағына ұшырылды.  Саябақтың фаунасын ұлғайтып, табиғи ортаны қалыптастыру және тепе-теңдікті сақтау үшін бұл құстар Сырдария-Түркістан өңіраралық табиғи паркінен жеткізілді.

841

 

Дендросаябақ қаланың қақ ортасында орналасқан кіші орман болып есептеледі. Сондай-ақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген. Кіші орман болғандықтан өзіне тән тыныс-тіршілігімен қоса аң-құстары мен жабайы жануары болуы тиіс.
Айта кетейік, саябақ аумағындағы 3 гектар жасанды көлде жабайы аққу, қаз, үйрек жерсіндірілген. Қойнауында балықтың бірнеше түрі кездеседі. Сонымен қатар, саябақта 84 қырғауыл, 50 тиін, 23 қоян,10 тауыс, 5 жібек және бентамка тауығы, 4 цесарка, 3 теңбіл бұғы, 4 кер бұғы, 1 ергежейлі қой бар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.