Версия для печати

ҚАЗАҚ ТІЛІ – БІРЛІК ТІЛІ Избранное

Пятница, 20 Ноябрь 2020 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2130 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында басқосу өтті. Жиынға Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Жанар  Бектаева, Ассамблея құрамындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің жетекшісі Ерлан Байқонақов, үшінші мегаполистегі этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

839

 

Жиында жуырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚХА кеңесінде көтерілген мәселелер жалғасын тапты.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толды. Мерейтойлық меже өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмысты қорытындылауға себеп болып отыр. Ассамблеяның қандай қиын уақытта құрылғанын бәріміз білеміз. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қалыптасуы, тарихи шиеленісті, ертеңгі өмірге деген сенімсіздік заманында құрылды. Бірақ, біз дәл сол кезде өзіміз үшін бір нәрсені қабылдадық. Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек, – деген Елбасы кеңесте қазақ тілі мәселесіне жеке тоқталған-ды.
Қазақ тілінің ел дамуындағы орны жайлы бүгінгі басқосуда да сөз болды. Басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы қалалық Ассамблея шеңберінде мемлекеттік тілді үйренуді дамыту бойынша кешенді іс-шаралар атқаруды ұсынды. Үшінші мегаполистегі этно-мәдени ұйымдар аясында, әсіресе, шалғай елдімекендерде Ассамблея жұмысын дамытудың маңызы сөз болды.
Басқарма басшысы этно-мәдени бірлестіктер тарапынан қазақ тілін жетік меңгергісі келетін тұрғындар тізімі ұсынылса, оқытуға жағдай жасалатынына тоқталды. Ал бірлестік жетекшілері Шымкенттегі түрлі этнос өкілдері қазақ тілін меңгергенін атап өтті.
Басқосу соңы басқа да тақырыптар бойынша еркін пікір алмасуға ұласты.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.