Шымкент мәртебелі міндетті абыроймен атқарып шықты Избранное

Среда, 25 Ноябрь 2020 05:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 339 раз

9595

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шымкент 2020 – ТМД
елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне
қатысушыларды құттықтады

– Ардақты ағайын!

Құрметті шымкенттіктер!

Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды.
Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік.
Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ, рухани құндылықтары сабақтас халықтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жол ашты.
Шымкент жұртшылығы мен өнерпаздары осындай мәртебелі міндетті абыроймен атқарып шықты.
Карантин талаптарына сәйкес белгіленген жоспардағы онлайн форматтағы іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бүгін «Мәдени астана» мәртебесін Тәжікстанның
Душанбе қаласына табыстағалы отырмыз.
Елдеріміз арасындағы мәдениет керуені толастамасын! Достығымыз бен сыйластығымыз арта берсін!
Баршаңызға амандық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін!

22 қараша, 2020 жыл

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.