ЖЫЛУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРДЕЛЕЙТІН ЖҰМЫС ТОБЫ ҚҰРЫЛДЫ Избранное

Пятница, 27 Ноябрь 2020 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 400 раз

жумыс тобы шымкент

Қала әкімдігінде әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу мәселесін зерттеуге арналған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Құрамында жобалаушы-құрылысшы, аудан әкімдіктерінің мамандары, «Қуатжылуорталық» мекемесінің жауапты мамандарынан құрылған топ көпқабатты тұрғын үйлердегі жылу мәселесін зерделейді.
Жиында қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов тұрғындармен кездесіп, жылу өлшеуіш арнайы құралдарының жұмысына сараптама жасап, мән-жайды анықтауды жүктеді.
Арнайы жұмыс тобы қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жылу жүйесімен жіті танысады. Нысандардың жылумен қамтылуы талапқа сай келмейтін жағдайда акт түзіліп, тиісті сала басшыларына ұсынылады.

 
Последнее изменение Пятница, 27 Ноябрь 2020 04:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.