Көшелерді «Ақылды камералар» бақылауда Избранное

Среда, 23 Декабрь 2020 04:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 416 раз

фото сергек

Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Қауіпсіздік» бағыты бойынша аулалар мен жолдардың бойында 479 бейнебақылау камерасы және 21 көше қиылысында 212 «Интегра-С» зияткерлік камерасы орнатылды.

Сонымен қатар, қаладағы цифрландыру басқармасы мен «Қазақтелеком» АҚ тарапынан көпқабатты үйлердің кіреберісіне 2462 бейнебақылау камерасы қойылды. Орнатылған камералар полиция департаменті Жедел басқару орталығының ақпараттық жүйесіне қосылған. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде шаһарда қылмыс саны төмендеп келеді.
Сонымен қатар, қала әкімдігі мен полиция департаменті және камера орнатушы компания ортасында үш жақты меморандум түзіліп, шаһар көшелеріне 14 интеллектуалды «Сергек» камерасы орнатылды. Қазіргі таңда «ақылды камералар» қала көшелеріндегі көлік қозғалысында орын алған заң бұзушылықтарды тіркеп отыр.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.