82 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ Избранное

Среда, 30 Декабрь 2020 04:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1701 раз

WhatsApp-Image-2020-08-29-at-17.25.18

Үшінші мегаполисте тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Бүгінде шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның ішінде, жеке құрылысшылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар.
Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Осыған орай Шымкент қаласында бюджет есебінен 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 280 пәтерлі 5 арендалық, 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.
Құрылыс басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл қалада құрылыс жұмысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. 11 айда 103,3 млрд теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 159,3 пайызға жеткен.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.