Версия для печати

U:HACK ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ кім? Избранное

Среда, 06 Январь 2021 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1869 раз
Оцените материал
(0 голосов)

37366891-60db-4004-bb22-7975b92e2051

Шымкентте U:hack инновациялық идеялар фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

Онлайн форматта өткен инновациялық идеялар фестиваліне 27 қала мен әлемнің 12 елінен 1280 адам қатысқан. Қатысушылар бір тәулікте 471 жоба әзірлеген.
Онда қала мен қоғамның түрлі мәселелерін шешуге арналған ақпараттық технологиялар, контент пен медиа, кино және видео, кәсіпкерлік, ақылды ғылым сынды секциялар болды.
Байқау жеңімпаздарын қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков пен «U: projects» қоғамдық бірлестігінің төрағасы марапаттады. U: hack фестиваліне серіктестестерден 5 миллион теңге жүлде қорынан басқа, оқу мен өнімнің гранттары ретінде 12 миллионнан астам теңге тартылған.
ThePoint венчурлық қоры – бұл инновациялық жобалар және стартаптарды дамытуға бағытталған инвестициялық қор түрі. Сондай-ақ, бұл U:hub платформасындағы жас кәсіпкерлердің барлық даму кезеңдеріндегі жобаларын қолдайтын бизнес-инкубатор. The Point венчурлік қоры жастардың әлеуметтік ортасы мен жұмыс атмосферасын кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді. Жас кәсіпкерлер мен стартап-командалар үшін дайын инфрақұрылым.
Жиынның мақсаты Шымкент қаласында кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды жақсарту. Аталған байқауды «U:projects» қоғамдық бірлестігі мен The Point венчурлік қоры бірлесе ұйымдастырған.
Жаңа жоба туралы https://uhack.kz сайтынан танысып, біле аласыздар.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.