МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ САЙЛАНДЫ Избранное

Среда, 20 Январь 2021 03:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1098 раз

Шымкент қалалық мәслихатының VII шақырылымдағы бірінші сессиясы өтті. Сессияға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Онда жаңадан сайланған халық қалаулыларына депутаттық куәліктері салтанатты жағдайда тапсырылды.

558

 

Сессияның төрайымы болып депутат Дария Қожамжарова сайланды. Сессия төрайымы күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – мәслихат хатшысын сайлау екенін хабарлады. Осы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов сөз алып, мәслихат хатшысы лауазымына депутат Бахадыр
Нарымбетовтің кандидатурасын ұсынды. Депуттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, Бахадыр Мәдәліұлы Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Бұдан кейін депутаттар Шымкент қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құрып, олардың құрамын бекітті және мүшелері мен төрағаларын сайлады.
Сессия соңында қала әкімі Мұрат Әйтенов сөз алды.
— Ел сеніміне ие болған азаматтарды депутаттық қызметке кірісуімен құттықтаймын. Бұл шақырылымда алғаш рет мәслихаттың құрамына үш партияның өкілдері енді.
Депутаттардың арасында 8 әйел мен 29 жасқа толмаған 4 жас азамат бар. Осылайша, депутаттық корпустағы әйелдер мен жастардың үлесі 40 пайызға жетті. Депутаттардың орташа жасы 42 жасты құрап, сапалық құрамы да жақсарды.
Арасында қаладағы ең ірі ЖОО-ның ректоры, білікті ұстаздар мен дәрігерлер, экономистер мен заңгерлер, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, белсенді жастар мен қоғамдық ойдың көшбасшылары бар, – деген Мұрат Дүйсенбекұлы жаңадан сайланған депутаттардың халық игілігі жолында атқаратын қызметіне сәттілік тіледі.