Версия для печати

БІР ЖЫЛДА 68 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ Избранное

Пятница, 22 Январь 2021 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2806 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгінде қалада жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған шаралар кешені қолға алынған. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында құрылып отырған жаңа жұмыс орындары жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай азайтып отыр.

657

 

Бұл туралы қала әкіміне жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қ.Сайлауов 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде берген есебінде баяндады.
– Шымкент қаласында жалпы 68 584 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен өткен жылы 34 847 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 8 753, мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 24 984 адам жұмыспен қамтылды, - деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, жергілікті халықты еңбекпен қамту бағытында қолға алынып отырған шаралар биыл жалғасын табатынын айтты. Атап айтқанда, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 21842 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 392 адам және мемлекеттік салалық бағдарламалар негізінде 11 151 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін қалада жұмыспен қамту шараларына 33 385 азаматты қатыстыру көзделуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.