ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Избранное

Пятница, 22 Январь 2021 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1737 раз

Шымкентте 20 қаңтардан бастап жолайрық құрылысының ІІ-кезеңінің басталуына байланысты Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшелері жабылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында хабардар етті.

662

 Жауапты басшының айтуынша, «Роял» клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Т. Рысқұлов көшесінен М.Дулати көшесіне дейін. Көлік ағыны М.Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, А.Байтұрсынов көшелеріне бағытталып ұйымдастырылады. 

–Бозарық елді мекенінен қалаға қарай бағытта Бәйдібек би, Байырқұм, Дулати көшелерімен, қаладан Бозарыққа қарайғы бағытта Қазыбек би, Т. Рысқұлов, Т.Бәйтереков, Е.Жәнібеков және М.Дулати көшелерімен жүруге болады.
Д. Қонаев даңғылының батыс жағындағы үйлер мен ғимараттарға көлік қозғалысы А.Байтұрсынов және С.Жандосов көшелерінен ұйымдастырылады.
Д.Қонаев көшесі арқылы жүретін №152 және №135 автобустардың қозғалыс сызбалары С.Жандосов, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов көшелері арқылы өзгеретін болады.
Жолайрық құрылысын қарашада толық аяқтап, пайдалануға беруді көздеп отырмыз.
Осы ретте, қала тұрғындарынан құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты туындайтын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, деген хабарламады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.