«KAZAlPACK» ЖШС – ОРТА АЗИЯ АУМАҒЫНДА БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН КӘСІПОРЫН Избранное

Среда, 27 Январь 2021 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1146 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы орау-қаптау материалдарын өндіретін «KazALPack» ЖШС-ның қазіргі жағдайымен танысты.

577

 

«KazAlPack» ЖШС – Орта Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асыратын кәсіпорын. «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағында орналасқан өндіріс орны алюминий банкаларын шығарады.
Заманауи зауыттың жалпы ауданы – 20 000 шаршы метр. Өндірістің максималды қуаты жылына 500 миллион банка шығаруға қауқарлы.
Жоба аясында сыраны, шырындарды, газдалған және газдалмаған әлсіз алкогольді және алкогольсіз сусындарды құюға арналған түрлі көлемдегі оңай ашылатын қақпақтары бар, алюминий банкілерін шығару жоспарлануда.
Қазіргі таңда өндірістік және қойма үй-жайларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізілуде.
Қала әкімі кәсіпорын басшыларына құрылыс жұмыстарымен қатар, қазірден бастап мамандар даярлауға, бұл салада кәсіптік-техникалық колледждермен меморандум түзуді тапсырды.
«KazAlPack» ЖШС жобасы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.