МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР 75% КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКАМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН Избранное

Среда, 10 Февраль 2021 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2042 раз

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы 32 мемлекеттік және 76 жекеменшік медициналық ұйым ақпараттық жүйелерге қосылып, жаңа технологиялар бойынша жұмыс жүргізуде. Медициналық ұйымдарда 30 IT-маман қызмет етеді.

69

 

Медициналық ұйымдар интернет желісімен 100% қамтылған және компьютерлік техникамен жабдықталуы – 75 %. Медициналық мекемелерді цифрландыру жобасы аясында барлық емханалардағы әр дәрігер бөлмесінде QR-код ілінді. Бұл арқылы әр дәрігердің жұмысын бағалауға болады.
Шымкент қаласында республика бойынша алғаш рет әр емханада ақпараттық-ситуациялық орталық ашылды. Бұл ретте «Жүкті әйелдерді мониторингілеу», «Нәрестелер патронажы», «Созылмалы аурулар мониторингі» атты бағдарламалар енгізіліп, нәтижесінде медициналық көмектің сапасы артып отыр.
Қала бойынша бастапқы медициналық санитарлық және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар «ДамуМед» медициналық ақпараттық жүйесімен («ЦИТ Даму» ЖШС) жұмыс жүргізуде. Жедел жәрдем қызметі «Армаком» медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған. Шаһарда мобильді қосымшаны пайдаланушылар – 218 109 адам. Электронды денсаулық паспорттары 1052849 пациентке толтырылған. Бұл – қала халқының 98,3 %-ы.
Емханаларда «ДамуМед» қосымшасы арқылы дәрігер қабылдауына жазылуға болады. Бұл өз кезегінде азаматтардың жеке уақытын үнемдейді. Жалпы мобильді қосымша арқылы 322 304 адам қабылдауға жазылып, дәрігерлер 10 994 рет үйге шақыртылған.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру натижесінде бірқатар жетістікке қол жеткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, шаһарда емханада дәрігердің қабылдауына жазылу кезегі 9-дан 2 адамға дейін, кезектерді 30 минуттан 15 минутқа дейін, зерттеу нәтижелерін алу уақытын 2 есеге қысқарту (5 сағаттан 2 сағатқа дейін), дәрігерге қабылдау уақытын 50 %-ға төмендету (20 минуттан 10 минутқа дейін), үйден шықпастан сынақ нәтижелерін, кеңестерді және рецепттерді алу және жеке денсаулық туралы барлық ақпаратты онлайн режимде қол жетімді ету бағытында жұмыстар атқарылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.