303 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ Избранное

Среда, 17 Февраль 2021 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2251 раз

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 303 көше жарықтандырылады. Нәтижесінде мегаполистің көше шамдарымен қамтамасыз етілуі 70 пайызды құрайтын болады. Жарықтандыру бойынша жобалар жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында мақұлданды.

91

 

Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында әртүрлі салаларда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып, пайдалануға берілген нысандардың артқанын айтты. «Шымкент қаласының сыртқы жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы бойынша баяндама жасаған қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Болатбеков 2021-2027 жылдарға 16 411,9 млн. теңгеге мемлекеттік міндеттеме алу ұсынылғанын мәлім етті.
– Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімі – 7 жыл, оның ішінде құрылыс мерзімі – 36 айды құрайды. Бұл жобада сыртқы жарықтандыру желілерін салу, яғни, 14264 дана жарықдиодты шам, 14264 дана бағана мен 436 шақырым кабель жүргізіледі. Нәтижесінде төрт жылда 303 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қоса ескірген 5 182 жарықшам мен тозығы жеткен 1 929 бағана ауыстырылады. Жаяу жүргіншілер аймағына 2000 дана қосымша шамдар орнатылады. 182 шақырымдағы әуе желісі кабельдік желілерге ауыстырылады. Және де 327 дана сыртқы жарықтандыру басқару жәшігі жаңғыртылады, -деді Б.Болатбеков.
Сессияның күн тәртібінде бұдан бөлек, Шымкент қаласының басқару схемасы туралы шешімі мен Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.