САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛЕДІ Избранное

Пятница, 19 Февраль 2021 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 654 раз

Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда Партияның сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген Жол картасы қаралды.

114

 

Жол картасында қаланы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар кешені қамтылған. Құжат негізіне 2025 жылға дейін 10 бағыт бойынша 149 іс-шараны іске асыру кіреді. Бағдарламаны іске асыруға жалпы 5 жылда 1,3 трлн теңге қаржы қажет. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен – 694,5 млрд теңге, жеке инвесторлардың есебінен – 619,4 млрд теңге.
Сайлауалды бағдарлама аясында 2021-2025 жылдары жалпы құны 1,36 трлн теңгені құрайтын 123 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Бұған қоса бес жылда 3 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй құрылысы, 72 мектеп құрылысы мен 10 медициналық мекеменің, 12 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы қарастырылған. Сонымен қатар, спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мен 6 стрит-воркаут және 73 спорт алаңдарын ашу жоспарланған.
Фракция отырысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру арқылы қаладағы әлеуметтік мәселелерді шешуге болатынын жеткізді.
«Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың жағдайын жақсарту бойынша бұл жолы да нақты істерді атқару міндеттерін қойып отыр. Осы міндеттерді жүзеге асыруда барлығымыз бірлесе еңбек етуіміз қажет. Бізге босаңсуға болмайды, халықтың партияға деген сенімін сайлауалды бағдарламада көрсетілген 10 бағытты сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру арқылы арттыруымыз қажет. Туған қаламыз
Шымкентті көркейтуге, табысты етуге, мұнда қолайлы орта қалыптастыруға күш саламыз»,-деді қала әкімі.
Жиын соңында Nur Otan фракциясының барлық 23 мүшесіне партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуына үлес қосуды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.