Версия для печати

ҚАЛА ӘКІМІ ЛИТВАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Среда, 24 Февраль 2021 03:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2108 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаутас Васюлис, Литва Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің транспорт саласы бойынша атташесі Гитаутас Юндзиламен кездесті.

133

 

Кездесуде тараптар іскерлік байланыстар және ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде әңгімелесті. Литваның Қазақстанмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстары артып келеді. 1992 жылдан бастап екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Литва – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі.
Қала әкімі құрметті қонақтарды алдымен Литва халқының өткен маңызды мерекесі – Литва мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күнімен (16 ақпан) құттықтады.
Мұрат Дүйсенбекұлы Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сай дамып келе жатқанын, инвестицияға қолайлы орта қалыптасқанын атап өтті. Қала әкімі жаңа индустриялық және агроөнеркәсіптік аймақтардың ашылып жатқанын айта келе, литвалық компанияларды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
– Шымкентте соңғы жылдары бизнес жүргізу шығындарын азайту, әкімшілік процедураларды жеңілдету, салық және тарифтік жоспарларды жақсарту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Шаһарда қолайлы инвестиция және жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Біздің басты мақсатымыз – қаланы адамдардың өміріне және бизнес жүргізуге ыңғайлы бағытта дамыту. Бұл бағытта біз инвестициялық қоғамдастықтармен ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Литвалық компанияларды түрлі салаларда – туризм, өнеркәсіп және ауылшаруашылық секторы, көлік және логистика, өндіріс, ақпараттық технологиялар, машина жасау бағыттарында инвестиция салуға шақырамын, – деді қала әкімі.
Шаһар басшысы қаланы дамытудағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша ашық және сындарлы диалогқа дайын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлер Палатасында литвалық қонақтардың шымкенттік кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.