АГРС-3 ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Избранное

Среда, 24 Февраль 2021 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 970 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы аяқталуға жақын қалған АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясының құрылыс жұмысымен танысты.

136

 

Газ тарату станциясын аралау барысында қала басшысы бұл нысанның стратегиялық маңызды жоба екенін айтып, нысанды тездетіп пайдалануға тапсыру қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар әкім жоба жүзеге асқанда, шалғайдағы шағынаудандар толық табиғи газбен қамтылатынын атап өтті.
Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр.
Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде 92,2% табиғи газбен қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады.
Қазіргі таңда, АГРС-3 нысанының техникалық құрал-жабдықтары 100 пайызға орнатылып және құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға орындалды. Осы жылдың екінші тоқсанына дейін аталған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен орындалып, іске қосу жоспарға қойылған.
Бұдан бөлек, АГРС-3 нысаны іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандары сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.