Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов салдырды.
–1-19 ақпан күндері аралығында «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасын салып бітірдік. Күні кеше бізге тағы 1000 доза вакцина жеткізілді. Төрт емханаға вакцина таратылып, егу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін вакцина алғандар екінші дозасын алуы қажет. Мен өзім екінші дозасын алдым. Қазір жағдайым жақсы, - деді басқарма басшысы
Б.Позилов.
Айта кетейік, қалаға жеткізілген «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын коронавирус инфекциясымен алдыңғы шепте күресетін медицина қызметкерлері алады. Мұнан кейін жоспар бойынша өз еркімен келісім берген мұғалімдер мен полицейлерге салынбақ.