«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ Избранное

Пятница, 26 Февраль 2021 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1021 раз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен және Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Білім басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен «Шымкент жастар лигасы» ойындары басталды.

162

 

Аталған жобаның мақсаты – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа бейімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтауды көздейді.
Бүгінге дейін спорт түрлері бойынша төрешілер жиыны өтіп, жеребе тасталған болатын. Әр спорт түрінің қай жерде өтетіні, қай топта кімдер ойнайтыны анықталған. Сондай-ақ, әр ауданның мектеп командаларының атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталды.
Жалпы бұл лига волейбол, баскетбол, футбол, шахмат бойынша спорттың 4 түрінен өтеді. Лига екі кезеңнен тұрады. 1 наурызда волейбол, баскетбол, футбол бойынша өтсе, ал шахмат жарысы қыркүйек айына қалдырылды. Атап айтқанда әрбір спорт түрінен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарынан қалалық жарысқа 16 командаға жолдама беріледі. ІІ кезеңде 16 команда арасында 1/8 финалдан бастап, 1/4 финал, 1/2 финал, финалдық ойындармен жеңімпаз командалар анықталады.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, спорт түрлерінен «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клубы» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинациялары бойынша марапаттар табысталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.