ҚАН ТАПСЫРЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ Избранное

Среда, 03 Март 2021 03:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2247 раз

Үшінші мегаполисте «Қанымыз бірге» қайырымдылық акциясы өтті. Оның аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қалалық қан орталығына келіп, донорлық акцияға қатысты, қан тапсырды.

194

 

Донорлық акцияға Ассамблеядағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, мүшелері – жалпы, 30-дан асам адам қатысты. Игі іс 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында қолға алынған және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр.
– Бұл іс-шарамыз «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 игі іс» марафоны аясында қолға алынып отыр. Қайырымдылық марафонының өзі бүгіннен бастап қараша айына дейін жалғасады, - деді «Қоғамдық келісім» мекемесінің этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Ұлжан Айтубаева.
Қан орталығының мамандары донорларды тіркеп, бірнеше тексеруден өтті. Содан кейін қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ еріктілер қан тапсырды. Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мұндай игі іске қуана қатысып отырғандарын, өзге жандарға қол ұшын созудың үлкен қайырымдылық екенін атап өтті.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.