Қос тоқыма кәсіпорны АЭА мәртебесін алды Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1872 раз

Шымкенттегі ТПК «Alliance» және «Azala Textile» ЖШС – арнайы экономикалық аймағына кіретін өндірістер мәртебесін алды.

208

 

Бұл арнайы экономикалық аймақтың басқа кәсіпорындары сияқты арнайы салық режимін пайдалануға құқылы екенін білдіреді. Және де дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, ОТӨ-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының Кәсіпкерлер Палатасы соңғы екі жыл бойы түрлі деңгейлерде бірнеше рет арнайы экономикалық аймақ аумағын кеңейту мәселесін көтерді. Алғаш рет тоқымашылар екі жыл бұрын Өңірлік палатаға біздікіне ұқсас, бірақ өзіндік құны бойынша арзан өнім шығаратын өзбекстандық өндірушілермен бәсекелесе алмайтындықтарын айтып шағымданған болатын.
Бұл мәселе «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен өткен кеңесте көтерілді. Жиында «Azala Group» ЖШС директоры Берік Қадыралиев: «Шымкент елімізде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша жетекші орын алады. Бізде еліміздің барлық жеңіл өнеркәсіп өнімінің 25%-ы өндіріледі. Шымкентте жұмыс істеп тұрған 328 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорнында 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бүгінде қаланы мақтаны өңдей алатын 4 тоқыма кәсіпорны бар: «ТПК «Alliance» (бұрынғы «Ютекс» АҚ, «Меланж» АҚ), «AZALA Textile», «AZALA Cotton» ЖШС. Олардың біреуі ғана «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында орналасып, ерекше салық режимін қолдануда («AZALA Cotton» ЖШС).
Сонымен қатар, Шымкент маталардан фурнитураға дейінгі дайын өнімді өндірудің толық циклі бар жеңіл өнеркәсіптің кластері болып табылады. Осы кластерді дамыта отырып, біз көршілес Өзбекстанмен бәсекеге түсе аламыз. Осыған байланысты АЭА тыс орналасқан екі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына АЭА мәртебесін беру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз», - деп атап өткен болатын.
«Атамекен» ҚР ҰКП салалық министрліктер алдында мәселені көтеріп, ҚР Үкіметі басшысының тапсырмасынан кейін қаулы жобасы барлық орталық мемлекеттік органдармен келісілді.
2021 жылғы 19 ақпанда «ТПК «Alliance» АҚ және «Azala Textile» ЖШС «Оңтүстік» АЭА субаймақтарына енгізілген арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазанындағы №624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің №78 Қаулысы шықты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.