4 ауданға – төрт бөлімше Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2243 раз

Үшінші мегаполисте қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлімшелері ашылды. Шымкент әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту орталығының мамандары енді Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы арнайы орындарда қызмет көрсетеді.

207

 

Мұндағы мақсат – халықтың уақытын үнемдеу және сапалы қызмет көрсету. Бөлімшелерде сала мамандары халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі қызмет көрсетеді.
Орталық мекенжайлары:
Абай ауданы: Жиделібайсын көшесі, 92 («Бекжан» СО, 1-қабат);
Әл-Фараби ауданы: Мирас көшесі, 22Б (А.Байтұрсынов және Мирас көшелерінің қиылысы);
Еңбекші ауданы: Күншығыс шағынауданы, Жолан батыр көшесі, 115/2;
Қаратау ауданы: бұрынғысынша Нұрсәт шағынауданы, С.Бәйтереков көш., 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығы.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Түскі үзіліс 13.00–15.00 аралығында.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.