ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ЖІТІ НАЗАРДА Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1793 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жеке қабылдауында көтерілген әрбір мәселемен арнайы барып танысып, шешу жолдарын қарастыруда. Шаһар басшысы қала шетінде орналасқан Шаңырақ шағынауданында болып, тұрғындардың емхана мен асфальт жол салып беру және жер мәселесі туралы өтініштерін тыңдады.

211

 

Осы ретте шаһар басшысы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында қалада кезең-кезеңімен жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Мәселен, 2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылатын болады. Ал 2025 жылы қала жолдарының сапасы 90 пайызға жетпек.
– Кешегі берген халық алдындағы есепті кездесуімде де қала тұрғындарының алдында тұрған бес ортақ мақсат жөнінде айтып өткен болатынмын. Ол адами капиталды өсіру, инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, баспаналы болу, халыққа қолайлы қала құру. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс жасауымыз қажет, – деді.
Шаңырақ шағынауданында 2 мыңға жуық халық тұрады. Шағынауданда 1 мектеп пен 2 жекеменшік балабақша бар. Ал 10,91 шақырым жолдың қазіргі таңда 6,85 шақырымы асфальт болса, 4,06 шақырымы шағал тас төселген жолдар.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.