Шаһардың туристік мүмкіндігі мол Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1536 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы «Бүркіт» әскери спорт базасының жұмысымен танысты.

212

 

256 гектар аумақта орналасқан әскери база ҚР Қорғаныс министрлігінің баланысында. Бүгінде ол жерде «Шымкент қаласының парашютты спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігі базаның дамуы бойынша жұмыс атқарады.
Мұнда 45 адамға арналған казарма, асхана, парашют қоймасы, авиақойма, монша, бақша бар. Аталған базаның құрамында нұсқаушы, ұшқыш, авиатехник пен дәрігері бар 12 қызметкерден құралған топ жұмыс жасайды.
Мұрат Әйтенов алдағы уақытта «Бүркіт» әскери-спорттық базасын бірегей туристік нысанға айналдыру мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.
– Мұнда балалардың қызығушылығын арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Арнайы туристік концепция әзірленсін. «Бүркіт» әскери-спорттық базасы – қаланың туристік нысанына айналуы керек. Бұл бағытта инвестиция тарту жолдарын қарастырыңдар, – деп сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Шаһар басшысы база аумағында орналасқан балалар жатын орындарына, дайындық және парашютпен секіру аумағында болды. Жалпы парашютпен секіру құны 21 000 теңге. Егер, адам салмағы 90 келіден асса 31 000 теңге болады. Өткен жылы мұндағы парашютпен секірушілер саны екі мыңнан асқан.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.