ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛІ 1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН АШЫЛАДЫ Избранное

Среда, 10 Март 2021 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2200 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Рысқұлов-Қонаев көшелері қиылысындағы жолайырық құрылысының барысымен танысты.

213

 

Бүгінге дейін, 3,3 шақырым су, газ құбырларының орны ауыстырылып, 300 метр жер асты өткелі қазылған. 180 метр тіреу қабырғалары мен 7 бағана және 105 дана қада құю жұмысы аяқталған.
Қонаев даңғылының жер асты өткелінде көлік қозғалысын осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін, Рысқұлов көшесін 1 қарашаға дейін ашу көзделіп отыр. Жалпы,
жолайрық құрылысы 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
Құрылысы жүріп жатқан нысанының жалпы ұзындығы 580 метр. Қазіргі таңда, жол жамылғысымен бірге 400 метр жұмыс аяқталған. Көше құрылысы үшін жеке меншік үйлерді мемлекет иелігіне алғаннан кейін қалған бөлігін құру жұмысы жүргізіледі. Құрылыстың І кезеңін аяқтау осы жылдың маусым айына жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.