НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ Избранное

Пятница, 12 Март 2021 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2846 раз

Көгілдір көйлек киген үшінші мегаполисте биыл «Наурыз Шымкенттен басталады» мега жобасы басталады. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан фейсбуктегі парақшасында жазды.

239

 

Әкімдік өкілдері ауқымды жобаны жыл сайын өткізу арқылы өміршең идеяға айналдыруды көздеп отыр. Жыл басын қарсы алғанда қазіргі эпидемиологиялық ахуал да ескерілмек.
– Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкентке барлық ел болып, жылда атап өтетін бір ерекше идея керек. Меніңше, ол – Наурыз. Бұған табиғаттың өзі болысып тұр. Басқа аймақтар қардың құрсауынан шыға алмай жатқанда Шымкентте нағыз наурыз басталады. Дәстүрлі мерекемізге басымдық берейік» деді. Осылайша жылда Наурызды Шымкентте осы атаумен өткізе берсек, бағдарламаны байыта түссек, жылдар өткен соң қаламызға Наурызды тойлауға тек Қазақстан емес, бүкіл әлем келеді, - деп жазды Шыңғыс Жұмабекұлы.
Бавариядағы Октоберфест те, Риодағы карнавал да осылай басталғанын жазған Шыңғыс Мұқан «Наурыз – бұдан былай Шымкенттің фишкасы!» деп қосты.
Айта кетейік, Әз-Наурыз мерекесіне орай Шымкентте бірнеше күнге созылатын концерттік бағдарлама болады. Наурыздың 14-ші жұлдызы мен 24-і аралығында Айқын Төлепберген, «Жігіттер» тобы, Мәдина Садуақасова, Роза Әлқожа, Жанболат пен Жазира, «МұзАрт» тобы, Тамара Асар, «Өнер қырандары» тобы өнер көрсетеді. Бұған қоса 19-20 наурыз күндері Наурыз айтысы ұйымдастырылмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.