Мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша спортшылар үйінде қабатаралық жабын – 50%-ға, 1504 орынға арналған трибуна құрылымын монтаждау – 80%-ға, шағал тас төсеу – 90%-ға, спортзалдың жер жұмыстары 40 пайызға орындалған.
Нысанның құрылысына 60 жұмысшы, 5 техника жұмылдырылып отыр. Құрылысты жыл соңына дейін тапсыру көзделуде.
Айта кетейік, спорт кешені өткен ғасырдың 70-жылдары салынған.