Туризмді дамытудың тағы бір баспалдағы Избранное

Пятница, 19 Март 2021 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2308 раз

Шаһарда «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықта қалаға келген шетелдік қонақтарға көрікті жерлер, мәдени шаралар мен қонақүйлер туралы «бір терезе» қағидаты бойынша мәлімет беру қызметімен танысты.

413

 

–Орталықтың басты міндеті – туристік мекемелердің басын біріктіріп, туристерге жоғары дәрежеде сервистік қызмет көрсетуге ықпал ету. Қалаға келген қонақтар қайта келу үшін ұсынылатын қызмет түрлерін әрмен қарай дамыту қажет,-деді қала әкімі.
Туристік ақпараттық орталық тәулігіне 200-250 турист қабылдауға қауқарлы. Орталықта тәулік бойы «Call-center» жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес беріліп, құқықтық және визалық көмек көрсетілетін болады. Қалаға келуші қонақтарға турлар ұсынылып, алдын ала брондау қызметі берілмек.
Ақпараттық орталықтың басшысы Айдаралы Раманов туристерге мобильді байланыс операторының SIM-картасын бейімдеуде көмек көрсету қызметінің де атқарылатынын атап өтті. Қазір қаламызда ақпараттық-туристік дүңгіршектер ашу мәселесі қарастырылуда.
–Қазірдің өзінде visit-shymkent.kz ресми сайты үш тілде жұмыс істейді. Сайтта қаламыздың танымал көрнекі орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары және ақпараттар тізбегі жарияланады. Ақпараттық орталықта кеңес беру, кәдесый, сөйлесу, түрлі шаралар өткізудің интерактивті аймақтары қамтамасыз етілген, - деді орталық басшысы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.