12 отбасыға қайырымды іс жасады Избранное

Пятница, 26 Март 2021 03:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 670 раз

Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері ерлі-зайыпты Сергей мен Гүзель Мустафиндер қалалық Қазақстан халқы ассамблеясымен, «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп «Отыз игі іс» қайырымдылық марафонының «Жанға жылу» іс-шарасы және Наурыз мерекесі аясында көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 12 отбасыға материалдық көмек көрсетті.

435

 

Соның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік көпбалалы ана Тамара Қалжанованың отбасына берілді. Жеті баланың анасы қайырымдылық көрсеткен жандарға шын жүректен алғысын жеткізді. Сонымен бірге қаладағы фабрикалардың бірінде қарапайым жұмысшы болып еңбек еткен 82 жастағы жалғызбасты кейуана Құрбанова Назира әжей де ізгі адамдарға шын көңілден тілегін арнады.
–Біз отбасымызбен циркте жұмыс істейміз. Қайырымдылық іс-шарасымен жиырма жылдан бері айналысып келеміз. Әр үш-төрт ай сайын тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік азық-түлік таратамыз, - деді Гүзель Мустафина.
Ал Шымкент қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова өзінің және шаһарымызда тұрып жатқан 11 мыңнан астам татар-башқұрт ұлт өкілдерінің атынан барша мегаполис тұрғындарын жыл басы – Наурызбен құттықтап, күллі Қазақстан халқына бейбіт өмір, ашық аспан мен ауызбіршілік тіледі.