ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА Избранное

Среда, 31 Март 2021 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2241 раз

Шымкент қаласында ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларға 129,7 млн теңге бөлінген.

512

 

Ол қаржыға жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілді.
Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы іс-шараларды жүргізуге 42,2 млн теңге бөлініп, оған 162 492 басқа бүрку, 240 652 басқа тоғыту жұмыстары жүргізілген.
3 млн 922 мың шаршы метрлік үй іргелік қоражай, 751 мың шаршы метрді құрайтын буферлік аумақ кенеге қарсы залалсыздандырылды.
Сонымен қатар, 2020 жылы егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жұмыстары жоспарланған 10 млн 833 мың шаршы метр 12 өзен мен канал аумағында, 33 мың шаршы метр көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс тастайтын контейнерлері мен Ақтас тұрғын алабы аумағындағы 580 мың шаршы метр қоқыс тастайтын полигонда толық көлемде атқарылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.