Версия для печати

Шымситиге 1000 түп ағаш отырғызылды Избранное

Среда, 07 Апрель 2021 03:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1830 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте «Жасыл қала» ағаш отырғызу дәстүрі жалғасуда. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, сонымен бірге бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

571

 

Бұл жолы Шымсити шағынауданындағы көшелерге 1000 түп ағаш отырғызылды. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы әрі демеушілік жасаған – «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры болды.
«Мейірім шуағы» қоғамдық қорының жетекшісі Асқар Молдабек: «Жүз жылдығын ойлаған ағаш егеді» деген. Іс-шараның өтуіне ат салысып жатқан азаматтардың барлығы елім деген жанашырлар, қала белсенділері. Барлығымыз қаланың гүлденгенін қалаймыз», - деді.
Шаһар басшысы қала тіршілігіне бейқам қарамайтын белсенді тұрғындарға өз алғысын жеткізді. Бұдан бөлек, елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қордың атынан медицина мекемесіне ИВЛ аппараттары мен тұрғындарға дәрі-дәрмек, азық-түлік үлестірілгенін де атап өтті.
Жалпы, «Мейірім шуағы» қоғамдық қорының мақсаты көпбалалы, жалғызбасты ана, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік және моральды көмек көрсету арқылы олардың қоғамның өзін-өзі қамтыған отбасылар қатарына қосылуына ықпал ету. Бүгінгі таңда мекеме балаларды реабилитациялық-түзету, дамыту жұмыстарымен айналысады. Онда қазір тірек-қимыл аппараты бұзылған 120-130 балаға медициналық қызмет көрсетіліп жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.