Игі іс-шараға қаламы қарымды журналистер қауымы қатысты. Қазақстан Журналистер одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Уәли Қыдырдың айтуынша, бұл аллея алдағы уақытта шымкенттік журналистердің бас қосар алаңына айналмақ.
Қаланы абаттандыру іс-шарасына аға буын ардагерлер мен бірнеше телеарна, газет және сайт тілшілері атсалысты.
– Таяуда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзі ағаш егіп, қоршаған ортаны көркейту үшін көшет егу челленджін жолдаған еді. Енді, міне, мегаполистегі 50 шақты журналистің басын қосып, 100-ге жуық көшет ектік. Бұл – біздің қаламыздың көркеюіне қосқан үлесіміз, – деді Уәли Қыдыр.