Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай құрылысы жоспарланып отырған Мәдениет үйін жергілікті түрік-әзірбайжан ұлтының өкілдері жеке қаражаттарына салуда.
–Бір мемлекетте ұлт болып ұйысып тұрған соң, қоян-қолтық араласып, бір-бірімізбен тату-тәтті тұрып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса берейік. Бүгінгі бастамаларыңыз құтты болып, қаламыз көркейе берсін, - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс
Жұмабекұлы.
Шара барысында Мәдениет үйінің құрылысына атсалысып жатқан елдімекен тұрғындары Алғыс хатпен марапатталды.