147 азамат жаңа қонысқа жайғасты Избранное

Среда, 26 Май 2021 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2655 раз

Шаһарда мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, тұрғын үй кезегі келген 147 азаматты жалдамалы баспанамен  қамтылу туралы шешім шыққан болатын.

871

 

Кеше тұрғындарға пәтер кілті табысталды. Оның ішінде, 42 пәтер - көпбалалы отбасыларға, 97 пәтер - халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 8 пәтер - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілді. Аталған көпқабатты тұрғын үйлер Тұран, Тұрлан, Асар 2 шағынаудандарынан бөлінген.
Каратиндік режимге байланысты пәтердің кілттері тұрғын үйлердің бақылаушылары арқылы тұрғындарға жеткізілді. Солардың бірі жеті жыл баспана кезегінде тұрған шымкенттік Құралай Тоқмұрзаева пәтерлі болып, жаңа қонысқа көшті.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, алдағы уақытта 369 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.