Версия для печати

Сыйға – спорт алаңшасы Избранное

Среда, 09 Июнь 2021 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1005 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте тағы бір жаңа спорт алаңшасы бой көтермек. «Ақмешіттің» іргесінен ашық спорт алаңшасының құрылысы басталды. Бос жатқан төрт жер телімінің біреуі Абай ауданы әкімі аппаратының тапсырысымен игілікті іс осылайша жүзеге асуда. Көпфункциялы спорт алаңшасының құны 14 млн 500 мың теңгені құрайды.

961

 

«Шымкент қайырымды қала» қорының демеушілігімен салынып жатқан алаңда волейбол, баскетбол, футбол ойындарын ойнауға болады. Сонымен бірге, жастардың шынығуына арналған workout орнатылады. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес тұрғындарды бұқаралық спортқа баулу мақсатында спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жалғасуда. Жуырда Әл-Фараби ауданындағы Әлімбетов көшесі №45в үй ауласы мен Текесу тұрғын алабында көпқабатты үй тұрғындарына ашық спорт алаңдары пайдалануға берілді. Белгілі меценат Серік Төлбасов қорының қаржысы есебінен салынған нысан көпшілікті қуанышқа бөледі.
–Аудан аумағын көркейту мақсатындағы бастамаларымызға меценаттар әрдайым қолдау білдіріп келеді. Қала әкімінің ұсынысымен спорт алаңшаларын салу жөніндегі игі істі «Шымкент қайырымды қала» қоры жүзеге асыруда. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді Абай ауданы әкімі аппараты инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің бас маманы Есдәулет Достияров.
Жаңа спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары маусым айының аяғында аяқталады деп жоспарлануда.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.