ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ! Избранное

Пятница, 11 Июнь 2021 03:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1718 раз

5 маусым – дүниежүзілік экологтар күні. Осы күнге орай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де қоршаған ортаны қорғау күніне арналған конкурс өтті. Онлайн ұйымдастырылған конкурсқа компания қызметкерлерінің 7-14 жас аралығындағы балалары қатысты.

970

 

Іс-шараның мақсаты – балалардың бойына экологиялық мәдениетті сіңіріп, табиғатты сақтау, қоршаған ортаға жанашырлықты қалыптастыру. Себебі, соңғы уақытта экологиялық мәселелер бүкіл әлем бойынша өзекті болып тұр. Онлайн өткен конкурсқа барлығы 158 бала қатысты. Олардың ішіндегі ең белсенді деген 33 жеткіншек жүлдегер деп танылып, жүлделер мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Жеңімпаздар 7-10 және 11-14 жас аралығындағы екі топ бойынша анықталып, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы оларды салтанатты жиында марапаттады.
– Конкурсқа біздің қызметкерлердің балалары қатысты. Біздің кәсіпорында қоршаған ортаны қорғау, жалпы экология талаптары өте қатаң сақталады. Балалар – біздің болашағымыз, олар өскенде біздің зауытта жұмыс істейді деп сенемін. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау мәселесін осы бастан біліп жүргендері жақсы, – деді «ПҚОП» ЖШС өндіріс және стратегиялық жоспарлау бойынша вице-президенті Цзэн Сюйдун.
Конкурс жүлдегерлерінің арасынан табиғатты қорғау – адамзаттың міндеті деп санап, сол тақырыпта сурет салған Мерей Әбдіқадір, Лиза Путковалардыың туындысын қазылар алқасы жоғары бағалаған.
– «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де экология мәселесіне баса назар аударылады. Қала маңында орналасқан зауытта қоршаған ортаны қорғау және сақтаудың барлық шаралары жүзеге асырылады, мұнда соңғы технологиялар іске қосылған. Алдағы уақытта балаларға арналған мұндай конкурс тұрақты түрде өткізіледі, – дейді «ПҚОП» ЖШС департамент директоры Нұрлан Досымбеков.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.