«Шуағын төккен Шымқала» өлкетану кешінде жастарға Қазақстанның көне қалаларының бірі Шымкенттің тарихы туралы толық мәліметтер беріліп, кеңінен насихатталды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге қала туралы деректерді таныстыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру.
Рухани кешке ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек, ақын Дәркен Танабаев қонақ болды. Кеш барысында «Тарихы терең Шымкент» атты бейнефильм көрсетіліп, «Шырайлым, Шымкентім» атты әдеби композиция, «Мақтанышым мекенім» викториналық ойындар ұйымдастырылды.