САЯБАҚ ПЕН ГҮЛЗАРЛАР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 05:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1512 раз

Шымкентте маусымдық кезеңдегі бекітілген жоспарға сәйкес жалпы 1 991 714 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарларда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

233

 

Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат – қала тұрғындарын саябақтар мен гүлзарларда кене шағу жағдайынан және олардан жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.
Айта кетейік, аталған жұмыстарға «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 6 бригададан құралған 18 дезинфектор мамандары қажетті құралдармен, көлік және жеке қорғану заттарымен жұмылдырылған.
Бүгінгі таңда қала аумағында жалпы 745 350 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарлар аумағына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 30 маусымға дейін жалғасатын болады.
Сондай-ақ кенеге қарсы препарат ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген саябақ, гүлзарлар аумақтарына тұрғындардың жақындамауын, сонымен бірге препарат кепкенге дейін үй жануарларын да саябақ пен гүлзарлар аумағына жібермеу керектігін қала тұрғындарына ескертеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.