Жаңара бер, жасампаз Шымқала! Избранное

Пятница, 18 Июнь 2021 05:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1543 раз

Қымбатты
Шымкент қаласының
тұрғындары мен қала қонақтары!

19 маусым – Шымкент үшін тарихи күн!
Осыдан 3 жыл бұрын, яғни, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Шымкентке республикалық маңызға ие қала мәртебесі берілді. Осылайша, Шымкент дамудың жаңа сатысына қадам басты.
Арада өткен қысқа мерзімде миллионды қаланың барлық саласында үлкен өзгерістер орын алуда. Үшінші мегаполисте заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып, жаңа шағынаудандар, тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар мен спорт алаңшалары салынуда.

234

 

Бүгінде Шымкент алып құрылыс алаңына айналды. Мұның айғағы ретінде биыл 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынып жатқанын айтуға болады. Соның арқасында халықты баспанамен қамту мәселесі де оңтайлы шешімін табуда.
Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Шымкент қаласында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік қанатын кеңге жайды. Осы жылдарда шаһар экономикасына 2,5 трлн. теңге инвестиция тартылды.
Ал, қаланың жаңа мәртебеге ие болуы мен халық санының артуы оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түсті. Қолайлы бизнес-орта қалыптасуының нәтижесінде бүгінде Шымкент отандық қана емес, шетелдік инвесторлардың да назарын өзіне аударып отыр. Қазірдің өзінде қала аумағында жалпы құны 2,3 млрд долларды құрайтын 17 шетелдік инвестициялық жоба іске асырылуда. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түсері сөзсіз.
Міне, осылайша Шымкент өмір сүру, жұмыс істеу мен демалуға қолайлы әрі қауіпсіз қала ретінде танылып келеді.
Шырайлы шаһардың ең басты байлығы – еңбексүйгіш, қонақжай әрі мейірбан халқы. Шымкенттіктер – өткенін қастерлеп, ұлттық дәстүрді берік сақтай отырып, оны тың идеялармен байыта білетін, сондай-ақ, жаңа технологияларды өмірге батыл енгізіп келе жатқан жасампаз жандар. Сол себепті, қаланың бүгінгідей дамуы мен көркеюінде әрбір тұрғынның өзіндік үлесі бар деп есептейміз.
Біз сүйікті қаламыздың көркем келбетімен, жайлы да шырайлы, қонақжай қалпымен, ізгі дәстүрлерімен, тәлімді тарихымен мақтана аламыз. Қаламыздың сәулетті келбетін тұрғындардың қонақжайлылығы, мәдениетті болмысы айшықтай түседі.

Қадірлі шымкенттіктер!

Баршаңызды Қала күні мерекесімен құттықтай отырып, шаһардың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз!
Шымкенттің болашағы бүгінгісінен де жарқын! Ол дамудың сапалық тұрғыда жаңа деңгейіне көтеріліп, мегаполис деген атына лайық болу мүмкіндігіне ие. Бұл биік мақсатқа тек ортақ күш-жігерімізді жұмылдыра отырып қол жеткізе аламыз.
Осынау мереке күндері отбасыларыңызға бақ-береке мен ынтымақ-бірлік тілейміз!
Шырайлы Шымкентіміз көркейіп, Қазақ елімен бірге мәңгі жасай берсін!

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының
хатшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.