11 спортшы олимпиадада бақ сынайды Избранное

Среда, 30 Июнь 2021 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1672 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған шымкенттік 11 спортшымен кездесті.

345

 

–Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алудың өзі үлкен жетістік. Сіздер ел үмітін арқалап бара жатсыздар. Сол үшін тек жеңіс күтеміз. Жарыс барысында баршамыз жанкүйер боламыз. Қазақстанның туын биік ұстаңыздар. Біз сіздермен мақтанамыз. Шымкентте сіздердей спортшылардың барына қуанамыз. Спорттық сайыстан медальмен оралатындарыңызға сенеміз,- деді Мұрат Дүйсенбекұлы Токиоға баратын спортшыларға сәттілік тілеп.
Қала әкімі кездесуде спортшыларға қолдау ретінде 2 миллион теңгенің қаржылай сертификатын тапсырды. Сондай-ақ іс-шарада спортшыларды жарысқа дайындап, ел спортының дамуына үлес қосқан бірнеше бапкер алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге қала басшысы шәкірттері үшін жаны күйетін жалпы бапкерлер құрамына алғыс білдірді.
Кездесуде жаттықтырушылар атынан көркем гимнастикадан халықаралық жарыстардың жүлдегері елімізге белгілі спортшы Әлия
Юсупова Жапония астанасына жарысқа бара жатқан оғландарға сәттілік тіледі. Спортшылардан сөз алған каратэ бойынша Токио олимпиадасына лицензия жеңіп алған Дархан Асадилов халықтың үмітін ақтап, елге тек жеңіспен оралатынына сенім білдірді. Қала әкімі жиын соңында кездесуге келген спортшылармен естелікке суретке түсті.
Айта кету керек төрт жылда бір келетін ХХХІІ ші жазғы Олимпиада биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапония астанасы Токио қаласында өтеді. Оған
Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында Шымкенттен 11 өрен спорттың 7 түрі бойынша бақ сынайды.