Достық жеңіске жетті Избранное

Среда, 30 Июнь 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1771 раз

Журналистер арасында достық пен əріптестікті ту еткен дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған спорттық шарада жеңіс тұғырынан көрінгендер марапатталды.

342

 

БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған спартакиада барысында қатысушылар 7 спорт түрінен яғни шағын футболдан, волейболдан, арқан тартудан, шахматтан, боулингтен, бильярд және үстел теннисінен сайысқа түсті.
Марапаттау шарасында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди
Манатбекұлы жеңімпаздарды арнайы құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне алғысын жеткізді.
Салауаттылықты ұран еткен биылғы спартакиданың жалпы командалық есебінде «Ернұр-пресс» командасы биыл үздік шықты. Екінші орынға – «Оңтүстік» телеарнасының командасы орнықты. «Отырар» телеарнасы үшінші орынға ие болды. Үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орыннан көрінген топтар кубокпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жалпы айтқанда, бұл сайыста достық жеңді. Командалардың ұйымшылдығы керемет. Жеңіске деген жігерін байқадық. Командалардың жұдырықтай жұмыла, дәстүрлік жарыста белсенділік танытуы – бұл басты жеңіс. Спартакиаданың көздеген мақсатының орындалғаны.