Еңбекші ауданының әкімі тағайындалды Избранное

Пятница, 02 Июль 2021 04:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3686 раз

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі болып Досбол Есілбек тағайындалды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Досбол Күздікбайұлын осы лауазымға ұсынып, депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

367

 

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тиісті нормативтік құжаттарға енгізілген талап бойынша бір адам әкімдік лауазымды 8 жылдан артық атқара алмайды. Ғалымжан Ілиясов Еңбекші ауданының әкімі қызметіне 2013 жылы тағайындалып, ауданның дамуына үлкен үлес қосты. Жемісті қызмет атқарғаны үшін Ғалымжан Молдабайұлына алғыс айтамыз. Оның іскерлік қабілеті мен мол тәжірибесін алдағы уақытта өзге салаларда пайдаланамыз, — Мұрат Дүйсенбекұлы.
Шаһар басшысы кадрлық мәселелер толықтай меритократия қағидалары негізінде шешілетінін айтты.
—Досбол Күздікбайұлы еңбек жолын халықты жұмыспен қамту саласында бастап, 16 жылдың ішінде Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары лауазымына дейін өскен. Халықпен тығыз байланыста жұмыс істей алатын, мемлекеттік бағңдарламаларды орындауда мол тәжірибеге ие білікті басқарушы. Оның аудан экономикасы мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек етеріне сенеміз, — деді М.Әйтенов.
Айта кетейік, сессия барысында депутаттар Шымкент қаласы мәслихатының жанындағы жер комиссиясының құрамына және мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу мәселесін қарап, тиісті шешімдерді қабылдады.