Жалпы қалада 250 аялдама орнатылды. Оның 170-сі – ескі аялдаманың орнына, ал қалғаны бос орындарға
қойылуда. Айта кету керек, қала орталығынан алынған 170 ескі аялдаманың 60 пайызы жарамсыз, ал 40 пайызы шалғай аудандардағы бос орындарға орнатуға жарайды. Қолға алынған жұмыстың нәтижесінде 2025 жылы қала аялдама павильонымен толық қамтамасыз етіледі.