Версия для печати

Рухани-мәдени байланыстар нығаяды Избранное

Среда, 21 Июль 2021 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1539 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында кездесулер ұйымдастырған өзбекстандық делегацияның ресми іс-сапары Шымкент шаһарында қорытындыланды.

480

 

Шымкентте Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов және Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Аброр Фатхуллаев «Дустлик» Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті.
Өзбекстанның Премьер-министрінің кеңесшісі бастаған ресми топ делегациясының Қазақстанға келудегі мақсаты ¬– қос мемлекет арасындағы достықты нығайту, Шымкент қаласындағы өзбек халқының қоғам қайраткерлерімен және жергілікті өзбек жұртының мәдени-тұрмыстық өмірімен жақынырақ танысу, сондай-ақ Қазақстандағы өзбек еңбек мигранттарының және күзде өтетін Өзбекстандағы Президент сайлауы мәселесін талқылау болды.
Кездесуге келгендер рухани-мәдени байланыстарды күшейту бағытында бірнеше мәселелерді көтерді. Атап айтқанда үшінші мегаполистен Өзбекстан Республикасының консулдығын ашу, кітапхана, кітап дүкенін ұйымдастыру, журналист мамандарды Ташкентте оқыту, жастарды, әсіресе, мектеп оқушыларына Өзбекстанның тарихи-мәдени орындарын аралайтын саяхаттық тур бағдарламасын қолға алу және Шымкент қаласын өзбекстандық әртістердің гастрольдік сапарлар картасына қосу және тағы да басқа маңызды ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов өзбек этномәдени бірлестігінің жұмысын баяндады.
Кездесу соңында М.Хайриддинов жоғарыда айтылған ұсыныстар бойынша Қазақстан тарапымен алдын ала жоспар құрылып, мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыстар қолға алынатынын жеткізді.